Округтің тарихы

Ивановка ауылы 1896 жылы яғни 19 ғасырдың соңғы ширегiнде құрылды.

1896 жылдың мамыр, маусым айларында Полтава губерниясы Пирятин, Ромен, Зенков және Полтава уездерiнен 60 шақты отбасылар жер аударып келген.

Петропавл уезд орталығында Қадыр көлiнiң жағасында жайғасуға ұлықсат алды. Осы аумақта көлдiң жағасында тың жердi игере бастады. Шағын алқаптарға бидай егiп өнiм өндiрумен айналысты. Алғашқы жаз мезгiлдерiнде күркелер құрып, күркелерде тұрды. Жанындағы көлдiң суы аз болғандықтан бiраз диқаншылар Ұзынкөл жағасына көшiп келдi де, осы көлдiң жағасында Ивановка ауылы құрылды.

Алғашқы үйлер сырғауылдардан, шымнан, қамыстан салынды, ақ балшықпен сыланған жер үйлер болатын.

Жергiлiктi ауа райы өте қатты; қыста қатты аяздар,қалың кар түсетiн, көктем салқын болып осының барлығы көптеген қиыншылықтар тудыратын. Осы өңiрдiң кең байтақ жерi, шөп, отын суы молшылығы, табиғаттың мал шаруашылығы мен, өнiм өндiру мен айналысуға қолайлылығы халықты қызықтырып және тұрақты шаруашылықпен айналысуға, басқа да халықтың жаңа жер аударып келуiне себеп болды.

Қазан көтерiлiсiне дейiн (1917 жылға дейiн) үйлер төрт көше бойы салынып созылған болатын. Ең алғашқы құрылыстардың бiрi отызыншы жылдары салынған шiркеу, кейiннен бұл ғимарат жергiлiктi клубқа берiлдi, содан кейiн бұл ғимараттың iшi дүкенге ауыстырылды. (бүгiнгi күнi ғимарат бұзылған).

Кейiннен селолық кеңес және пошта ғимараттары салынды, 1902 жылы ең алғашқы мектеп салынды. 1928 жылы 03 қыркүйекте селолық округ құрылды, 1929 жылы «Красное поле» колхозы құрылды. Ең бiрiншi колхоздың төрағасы болып Мәскеу тұрғыны Маллерн сайланды.

Селолық советтiң ғимаратында ең алғашқы медицина пунктi ашылды, оның бiрiншi фельдшерi болған Фефелова деген әйел азамат.

1930 жылы комсомол ұйымы құрылды, бiрiншi хатшысы болған Василий Кумейко. Бүл кiсi ҰОС қаза тапты.

Осы жылы оқырман үйi ашылды оның меңгерушiсi Иван Чапко болды

1933 жылы МТС құрылды, оның құрамына аймақтағы 13 колхоз кiрген болатын.

ҰОС кезiнде бiраз ерлер соғысқа аттанды, олардың iшiндегi 75 адам Отан қорғауда қаза тапты.

1965 жылы осы соғыста қаза тапқан азаматтардың құрметiне ескерткiш салынды. Бүгiнгi ескерткiшiмiз ауылдың ортаңғы көшесiнде, мектеп қасында орналасқан. Жыл сайын 9 май күнi барлық тұрғындар қаза тапқандарды еске алып, құрметтейдi. Бүгiн соғыс ардагерлерiнен Василий Николаевич Ильяшенко ауылда тұрады.

1957 жылы ақпан айында «Красное поле» (Ивановка), «Красный полтавец» (Полтавка) , «Новый быт» (Борки), Үлгi колхоздары Ивановка астық шаруашылығына ұйымдастырылды. Бiрiншi директоры Иван Никонович Биржатый, партия ұйымдастырушысы Н.С. Карпенко.

Ауылда кәзiргi заманға сай үйлер, жаңа көшелер құрылып жатты. Ең алғашқы 2 көкелер Сәбит Мұқанов және Мира көшелерi. Ауыл iшiн абаттандыруға, ағаштар отырғызу, бақшалар салынуына көп көңiл аударылып, ауыл тұрғындары мен көптеген жұмыстар атқарылды.

Шаруашылықта iрi құрылыстар жүргiзiлдi: мал шаруашылық комплекстерi салынды, аурухана (1961-1965 жылдары) , селолық дүкендер, ауыл кеңсесi, бала бақшалар, мектеп (1970 жылы) салынды.

1964 жылы Ивановка астық шаруашылығы екi совхозға бөлiндi: Ивановка және Полтавка.

Ивановка совхозына Ивановка, Үлгi, Сергеевка ауылдары, ал Полтавка совхозына Полтавка, Борки, Лесные поляны ауылдары кiрдi.

Кейiннен 1980 жылдары Мәдениет үйi, «Халыққа қызмет көрсету үйi», монша, мейрамхана, қонақжай, балалар бақшасы, көптеген жаңа үйлер салынды. Осы жылдары көптеген тұрғындардың үйлерiне, соғыс ардагерлерiнiң үйлерiне жылу, ауыз су тартылды.

Автобус қозғалысы ұйымдастырылды.

1977 жылы Ивановка совхозы Советское аудандық мамандырылған шаруашылығына ауысты.

1998 жылы бұл шаруашылық жабылды да «Ивановское» кооперативтi өндiрiс ұйымдастырылды және 90 астық өндiрумен айналысатын шаруашылықтар бөлiнiп ашылды.

Қазiргi уақытта округте 5 ЖШС, 17 — ф/ш және ш/қ. олар астық өндiрiсiмен бүгiнгi күнi айналысады.

Мақаланы құрған күні 29.04.2016 14:53

Мақаланы жаңартқан күні 29.04.2016 14:53

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Государственные символыПремьер egovӘділетОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области