Сайтымыздың құрметтi қонақтары!
«Ауданымыздың ресми сайтына қош келдiңiздер! Әкiмдiктiң ресми сайтының жұмысы халық пен жергiлiктi атқарушы органдардың өзара қызмет етуi мен, ақпарат алмасу үрдiсiн жаңартып жылдамдатады және-де сайтқа кiрген әрбiр пайдаланушы өзiне қажеттi ауданымыздың тарихы, әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы, ақпарат пен қажеттi сұрақтары бойынша, сондай-ақ, қабылданып жатқан шешiмдерге қатысты өз пiкiрi мен ойымен бөлiсiп ауданымыздың үдемелi дамуына үлесiн қосады деген ойдамын. Бiз Сiзбен бiрге бiздiн округi, Аққайын ауданының, Солтүстiк Қазақстан облысының және жалпы Тәуелсiз Қазақстанымыздың игi гүлденуi үшiн өзара тиiмдi қызметтесуге дайынбыз».
Дүйсембаев Қанат Булатұлы — 03.10.1984 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданы Ивановка ауылында туған, ұлты қазақ.
1991 жылы Иваново орта мектебінің бірінші сыныбына барып, 2001-2002 жылдары Смирновск № 1 орта мектебінде оқыды, оны аяқтағаннан кейін ҚР ІІМ ВВ Петропавл жоғары әскери училищесіне "командалық тактикалық, тәрбиелік әлеуметтік-құқықтық жұмыс" факультетіне түсіп, 2006 жылы бітірді, содан кейін лейтенант әскери атағы берілді.
Ивановка ауылдық округінің әкімі болып сайланғанға дейін Аққайың ауданының полиция бөлімінде табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы болып жұмыс істеді.
2023 жылғы 28 қарашада Ивановка ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Президенттiк жастар кадр резервiне iрiктеу басталды
Президенттiк жастар кадр резервiне өтiнiмдердi қабылдау басталды.
Құжаттарды қабылдау үшiн автоматтандырылған онлайн-платформа iске қосылды.
Онлайн-платформаны қолдану жеңiл әрi өте ыңғайлы.
Үмiткер сайттың басты бетiнде Президенттiк жастар кадр резервiнiң iрiктеуiне қатысты мағлұматты инфографика арқылы бiле алады. Онда iрiктеуге кiмдер қатыса алатындығы, уақыты мен iрiктеу кезеңдерi жазылған.
Тiркеу тәртiбi барынша жеңiлдетiлген.
Үмiткерге мiндеттi түрде өзiнiң жеке мәлiметтерiн, аты-жөнiн, тегiн, ЖСН, iрiктеу кезеңдерiнен өтуге қолайлы тiлдi таңдап өзiнiң ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.
Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келiсiммен танысып, тиiстi талаптарды қабылдауы керек.
Талаптарды қабылдамайынша үмiткер Президенттiк жастар кадр резервiне қатыса алмайды.
Президенттiк жастар кадр резервiне қатысу үшiн үмiткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тiркелу қажет.